С.Н. Шапағатовтың 85 жылдығы және Ақтау қаласы бойынша тұңғыш қазақ тілінде ашылған бөбекжайға 35жыл толуына орай “Ұлы тұлға өмірі -ұрпаққа өнеге” атты облыстық мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
С.Н. Шапағатов ел үшін еңбек еткен ,ұлт болашағына өз өмірін арнаған тұлға .Оның өмір жолы, еңбекқорлықтың,адамгершіліктің,отансүйгіштіктің үлгісі. Шара барысында тағылымды тәрбие , тұлғалық мұра, ұрпаққа өнеге , мейірімділікке толы кеш болды.
Бөбекжай тәрбиеленушілері өнер көрсетіп атасына «Мен атаммен мақтанам» әнін шырқап, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.
Қонақтар назарына С.Н.Шапағатов мұражайы, көрме ,ұйымдастырылған іс-шара -бөбекжай ұжымының бірлігін,еңбегін көрсетті.
Осындай өнегелі іс-шаралар жас ұрпақтың бойына елге ,туған жеріне деген сүйіспеншілікке баулитыны сөзсіз. 35 жыл тарихы бар қарашаңырақ бөбекжайына шығармашылық табыс тілейміз.





