Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 59 С.Н.Шапағатов бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК
Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 28 ш/а 43 ғимарат.
Байланыс номері: 40-36-30
(Е-mail) почта : Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және Қ.Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021ж. № 432 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып , қазақ тілі маманына  конкурс ЖАРИЯЛАЙДЫ. Құжатты қабылдау 06.11.2025 - 18.11.2025ж

1 (2)

С.Н. Шапағатовтың 85 жылдығы және Ақтау қаласы бойынша тұңғыш қазақ тілінде ашылған бөбекжайға   35жыл толуына орай “Ұлы тұлға өмірі -ұрпаққа өнеге” атты облыстық мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

С.Н. Шапағатов  ел үшін еңбек еткен ,ұлт болашағына өз өмірін арнаған тұлға .Оның өмір жолы, еңбекқорлықтың,адамгершіліктің,отансүйгіштіктің үлгісі. Шара барысында тағылымды тәрбие , тұлғалық мұра, ұрпаққа өнеге , мейірімділікке толы кеш болды.

Бөбекжай тәрбиеленушілері өнер көрсетіп атасына  «Мен атаммен мақтанам» әнін шырқап, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.

Қонақтар назарына С.Н.Шапағатов мұражайы, көрме ,ұйымдастырылған іс-шара -бөбекжай ұжымының бірлігін,еңбегін көрсетті.

Осындай өнегелі іс-шаралар жас ұрпақтың бойына елге ,туған жеріне деген сүйіспеншілікке баулитыны сөзсіз. 35 жыл тарихы бар қарашаңырақ бөбекжайына  шығармашылық табыс тілейміз.

Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

«№ 59 С.Н.Шапағатов бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК

Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 28 ш/а 43 ғимарат.

Байланыс номері: 40-36-30

(Е-mail) почта :   Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Республикалық "Мағжан оқулықтары" жүлделі орындар ЖАРАЙСЫҢДАР БАЛАПАНДАР