Ұлы Отан соғысының батырлары мен олардың ерен еңбектерімен бөбекжай бүлдіршіндері көптеген мәліметтер алды. Батырларымыздың құрметіне тақпақтар, мерекеге байланысты әндер мен билер биледі. Жеңіс күніне орай қызықты ойындар ойнады. Сонымен қатар батырларымызға тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Ешқашан да ештеңе де ұмытылмайды. Жеңісті сыйлаған ата-бабаларымыздың есімдері мен ерліктерін мәңгі жадымызды сақтаймыз.

Кең-байтақ жеріміз,
Татулық тұрағы.
Бауырмал еліміз,
Ынтымақ ұраны.
Жаңғыртып даланы,
Шырқап ән салады.
Халықтар достығы –
Бірліктің қамалы.
Қызыққан шартарап,
Береке – тірлігі.
Құрған сән-салтанат,
Жарасқан бірлігі.

Мектеп 6-жастағы балаларды және ағымдағы жылы 6-жасқа толатындарды 1-сыныпқа қабылдайды. Құжаттарын қабылдау 1сәуірде басталып, 1тамызға дейін жалғасады.

Ата-аналардың өтініші(оларды алмастыратын тұлғалар);

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- «Бала денсаулығы паспорты»;

3*4 көлеміндегі 2шт фото.

! Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады.

! Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша)қабылданады.

Қазақтың жаңа жылы - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Балалар көктем мерекесі туралы, ана туралы тақпақ, өлеңдер айтып, қызықты ойындар ойнап, мерекенің қызықты өткізді. Сонымен қатар аналарына арнап өз қолдарымен сыйлықтар дайындады. 

Қорытынды есеп беру оқу қызметтері өткізілді. Балалардың алған білімдерін бекіту мақсатында түрлі ойын тапсырмалар ұсынылып, бала қызығушылықтарын арттыруға жағдай жасалды.

 Сонымен қатар өздерінің білетін тақпақ, өлеңдерін айтып шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

Мектепалды даярлық топ балалалары топтарға бөлініп жарыс орнатты. Балалалардың дене қимыл-қозғалыстарын, сонымен бір-бірімен қатар қарым-қатынастарын, өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл спорттық шара тәрбиеленушілердің өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік берді.

Балалар ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді кейіптендіріп ертегі көрінісін көрсетті.