Тәуелсіздік - тұғырым!
Елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған сурет салу байқауы.
Қазақстан Респубикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған
Қазақстан Респубикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарымен (өлеңдерлі жатқа оқу) бейне жазба челленджі
"Экологиялық ағарту"
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Экологиялық ағарту" бағытында балабақшамызда балалардың экологиялық білімінің, мәдениеті мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру, экологиялық өмір салтына ынталандыру мақсатында оқу-тәрбиелеу үрдістерінде ұйымдастырылып жүрген шараларды назарларыңызға ұсынамыз!
Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін жетілдіру
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл
Мақсаты: Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін жетілдіру
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Балабақшамызда "Алтын күз келді, бақшама!" атты ертеңгілігі өткізілді.
Балалар күз мезгілі туралы және оның ерекшеліктері туралы өз білетіндерін айтып, көңілді әуендер шырқап, тақпақтарын айтып, билерін биледі. Сонымен бірге қызықты ойындар ойнап мерекені жақсы өткізді!
Ата-аналарға бала дамуы үшін жасалған жұмыстарға белсене қатысып, қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтамыз!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сонымен бірге қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында "N59 С.Н Шапағатов атындағы балабақша МКҚК әдіскері Қарабатыр Инабат Қайратқызы әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды
Балабақшамызда тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізілді.
Балалар ана тіліміздің тарихы және құндылығы туралы көп мәліметтер алды. Сонымен қатар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, әнұран шырқалып, патриоттық суреттерге әңгіме құрап, өз ана тілдері және өзге тілдер туралы өз білгендерімен бөлісті.
Қауіпсіздік шараларын қатал сақтау қажеттігін ұмытпайық!
Балаларды қорғау үшін арнайы шаралар:
✅ Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында санитариялық-дизенфекциялық режимді сақтау (желдету,ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау)
✅ МДМ үй-жайларды кварцтау
✅ МДМ таңертеңгі сүзгі өткізу (балаларды топқа қабылдау кезінде қарау)
6 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына