"Су патшалығы - Нептун"
Бөбекжайымызда жаз мезгілінің ойын-сауықтыру іс шарасы "Су патшалығы - Нептун" мерекесі атап өтілді.
Шараның басты мақсаты: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету.
Шара барысында бөбекжайымыздың барлық кіші-ересек топтары қатысты.
Шарада жаз мезгіліне қатысты әндер шырқалды.
Балалардың асыға күтетін ең сүйікті мерекесінің бірі -Жаңа жыл.
Жаңа жыл мерекесінде балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелеп, шырша жанында Аяз атаға арнаған тақпақтары, өлең билерін паш етті.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-дей отырып бөбекжайымыздағы Тәуелсіздік мерекесіне ұйымдастырылған шарадан үзінді ұсынамыз
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
1-желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған тақырыптық оқу қызметі. Балалар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолымен танысып, патриоттық тақпақтар мен әндерін айтты.
Бөбекжайымызда балалардың І жарты жылда алған білімдерін пысықтап, бекіту мақсатында есеп беру ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізілді
«Тәуелсіздік таңымен оянған балабақша» атты, «Парасат» қозғалысының төрағасы, қоғам қайраткері, тәуелсіздік тарланбозы, Қазақстан демократтарының ұлы тұлғасы С.Н.Шапағатовтың атымен аталған, киелі балалар бақшасынына 30 жыл толуына орай балабақшамызда мер
«Тәуелсіздік таңымен оянған балабақша» атты, «Парасат» қозғалысының төрағасы, қоғам қайраткері, тәуелсіздік тарланбозы, Қазақстан демократтарының ұлы тұлғасы С.Н.Шапағатовтың атымен аталған, киелі балалар бақшасынына 30 жыл толуына орай балабақшамызда мерекелік іс-шара өткізілді.
Бөбекжай бүлдіршіндері республикалық шараларға да белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді
Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеейтіп, сөздік қорларын, ойлау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған "Алтын күз" ертеңгілігі
"Алтын күз" мерекесіне орай, ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту, балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында күзгі жеміс-жидектер мен көкөністерден жасалған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Біздің бүлдіршіндеріміз бүгінгі таңда ерекше қуанышқа бөленуде.
Өйткені, NCOC компаниясы бөбекжайымыздың ойын алаңдарына балаларға түрлі ойын атрибуттарын сыйға тартты. NCOC компаниясына алғысымыз шексіз. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Сайын Шапағатов атындағы №59 бөбекжайымыздың мерей тойын ел ағалары да ескерусіз қалдырмады. Бөбекжай алаңдарына қойылған ойын атрибуттарының ашылу лентасын NCOC компаниясының Ақтау офисі басшысы Арман Жанахмет қиды. Сонымен қатар Ақтау қалалық білімді талдау және дамыту бөлімінің бас маманы Ровшенова Зулфия Файзуллаевна балаларды ерекше қуанышты күндерімен құттықтады.
4 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына





