Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

«№ 59 С.Н.Шапағатов бөбекжайы» МКҚК

Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 28 ш/а 43 ғимарат.

Байланыс номері: 40-36-30

(Е-mail) почта :   //compose/?To=Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс." data-saferedirecturl="https://www.google.com/url?q=http:///compose?To%Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.&;source=gmail&ust=1688619842922000&usg=AOvVaw3x-fQvPiL-WI7emUhKRmWl">Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру  ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға  тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және Қ.Р Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021ж. № 432 бірлескен  бұйрығын басшылыққа ала отырып ,

Музыка жетекшісінің  бос лауазымына  конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі (1 став)

Педагогикалық білімі бар, жұмыс өтілі - кемінде  1 жыл.

Біліктілік тесттен өткен сертификаты міндетті болуы керек.

Еңбек ақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

Негізгі функцоналдық міндетті:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына сәйкес балаларды эстетикалық дамыту мен музыкалық тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Музыкалық сабақты, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балларды анықтайды. Балалармен жеке жұмысты жүргізеді.Балалардың ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық және дидактикалық ойындар өткізеді.

Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс жасауда инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді.

Балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселесі ата-аналар мен тәрбиеленушілерге кеңес береді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде жүргізіледі. 

Конкрусқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау  мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз тірінде жолдайды.

*Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

*жеке басын куәландыратын құжат;

*кадрларды есепке алу  бойынша толтыратын жеке іс парағы;

*педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен біліктілігін лауазымға  қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

*еңбек  қызметін  растайтын құжаттың көшірмесі;

*Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

*писхоневрологиялық ұйымнан анықтама;

*наркологиялық ұйымнан анықтама;

*Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұрын -ҰБТ) немесе  педагог  модератордың, педагог-сарапшының ,педагог-зеріттеушінің ,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік. (болған жағдайда)

*11 -қосымшаға  сәйкес нысан бойынша  педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар  болған жағжайда  біліміне,жұмыс тәжірбиесіне , кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру,ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар)ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 07 шілдеден  бастап 17 шілдеге  дейін қабылданады.

Конкрустың өткізетін күні мен орны қағиданың  тәртібінен сәйкес белгіленеді.