Мектеп 6-жастағы балаларды және ағымдағы жылы 6-жасқа толатындарды 1-сыныпқа қабылдайды. Құжаттарын қабылдау 1сәуірде басталып, 1тамызға дейін жалғасады.

Ата-аналардың өтініші(оларды алмастыратын тұлғалар);

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- «Бала денсаулығы паспорты»;

3*4 көлеміндегі 2шт фото.

! Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады.

! Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша)қабылданады.

Қазақтың жаңа жылы - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Балалар көктем мерекесі туралы, ана туралы тақпақ, өлеңдер айтып, қызықты ойындар ойнап, мерекенің қызықты өткізді. Сонымен қатар аналарына арнап өз қолдарымен сыйлықтар дайындады. 

Қорытынды есеп беру оқу қызметтері өткізілді. Балалардың алған білімдерін бекіту мақсатында түрлі ойын тапсырмалар ұсынылып, бала қызығушылықтарын арттыруға жағдай жасалды.

 Сонымен қатар өздерінің білетін тақпақ, өлеңдерін айтып шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

Мектепалды даярлық топ балалалары топтарға бөлініп жарыс орнатты. Балалалардың дене қимыл-қозғалыстарын, сонымен бір-бірімен қатар қарым-қатынастарын, өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл спорттық шара тәрбиеленушілердің өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік берді.

Балалар ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді кейіптендіріп ертегі көрінісін көрсетті.

Балалар Отан,ел,жер туралы,тәуелсіздігіміз туралы тақпақтары мен ән-жырларын, әсем ән мен ұлттық ойындарды ойнады. Тәуелсіздік сөзінің ұғымын және оның қалай келгенін балалар түсінді